Окинава рифтеріндегі жұмыс пен ежелгі ДНҚ зерттеуі бір нәрсені ұқтырды: тұжырым жасамас бұрын, деректің қайдан алынғанын және оның артында не тұрғанын білу керек.

Мұндағы фотосуреттер Окинавадағы далалық жұмысымнан алынған. Ал эксперименттік деректердің төркіні бөлек: олар Австралиядағы Палм аралы маңынан ауланған балықтардың зертханада өсірілген ұрпағына тиесілі.
Aka Island · Okinawa

Үлгіден тұжырымға

2021 және 2022 жылдары OIST-те теңіз жағалауынан қоршаған орта ДНҚ-сын зерттеуге арналған үлгілер жинауды, далада қауіпсіз жұмыс істеуді үйрендім. Үлгі алу кезінде жасалған әр таңдау кейінгі талдауға әсер ететінін сонда түсіндім.

Бейімделу және симбиоз

Клоун балықтары мен олар паналайтын актиниялардың байланысы қызықтырады. Жұмысымның тағы бір бағыты мұхит қышқылданғанда транспозондарға қатысты тізбектер экспрессиясының қалай өзгеретінін қарастырады.

Зерттеу суреттері мен деректері ↗

Ежелгі ДНҚ және популяциялық геномика

Диссертациямда қазіргі геномдық зерттеулерден алынған полигендік көрсеткіштерді ежелгі ДНҚ-ға қолдандым. Мұнда ең алдымен сол әдіс қандай тұжырымға жол беретінін, қай жерде тоқтау керегін түсіну қажет.

Мақала ↗

SOKENDAI қорындағы диссертация ↗